Жаңалықтар
1 мин оқу 373

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кейбір қызмет бағаларына өзгеріс енгізді

4-05-2015-zhilstroysberbank 01АСТАНА. 4 мамыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бірқатар қызметтерге комиссиялық төлемдерді алып тастады. Бұл туралы аталған банктің ресми сайтына сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады. Банктің ресми сайтында жарияланған хабарламада: «2015 жылғы 4 мамырдан бастап жинақ, ссудалық есепшоттардың жай-күйі, ссудалық берешектің болуы/болмауы туралы анықтамалар беруге және басқа да анықтамаларға комиссиялық алымдар салынбайды», – делінген. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлердің дамыту бағдарламасы-2020» аясында халықты жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының операторы екенін айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: uralsk.gov.kz.
Бөлісу:
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кейбір қызмет бағаларына өзгеріс енгізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар