Инвестиция
1 мин оқу 62

Инвестиция игілігі

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары инвестициялық салық преференциясын беру, бизнесті мемлекеттік қолдау және инвестиция тарту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың басшыларымен және бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті.</p>

Инвестиция игілігі

Саран индустриалды айма­ғындағы «Silk Road Electronics» ЖШС алаңында өткен маңызды жиынға комитет төрағасы Сұл­танбек Мәкежанов бастаған Сенат депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ұлт­тық экономика министр­лігі­нің басшылары, Қарағанды облы­сы әкім­дігі мен жергілікті кәсіп­орын­ның жетекшілері қатысты.

Алқалы басқосудың барысында «Saran» индустриялық айма­ғын дамытудың алдағы жоспарын, салық саясаты, салық же­ңіл­дігінің тиімділігі талқыланды. Со­нымен қатар өнеркәсіп жобаларын іске асыру, болат құбырлар өн­д­і­рісі мен металл бұйымдарды мы­­рыш­тау ісі, қайта өңдеудегі тиім­ді­лік турасында да пікір ортаға салынды.

Бизнес өкілдері тарапынан мәселелер де ашық айтылып, олар­ды шешу тетіктері талқы­лан­ды. Әрмен қарай жиында айтылған ұсыныс төңірегінде де жұмыстар атқарылады.

Сонымен қатар меймандар «Tengri Tyres» және «Qaztehna» серіктестері секілді индуст­рия­лық аймақтың жетекші кәсіп­орын­­дарында болып, өндіріс қуа­ты­мен, өнеркәсіп әлеуетімен танысты.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Инвестиция игілігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар