Оқиға
1 мин оқу 142

Алматыда адвокат сотталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы&nbsp;Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев пен Г. Сәкенова сотталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда адвокат сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушылар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны үшін кінәлі деп танылған.

«Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады», делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Алматыда адвокат сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар