Спорт
1 мин оқу 101
Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын бірінші раундта нокаутқа жіберді
<p style="text-align: justify;">Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан Странджа кубогінде Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) алғашқы жекпе-жегінде өзбек боксшысы Акмалжон Исраиловты нокаутпен жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Раунд аяқталуға 20 секунд қалғанда Бекзаттың сол қолымен соққан ауыр соққысы өзбек боксшысының жағына тиіп, ол тепе-теңдікті жоғалтып алды да, бір құлап тұрды. Төреші кездесуді тоқтатып, жеңісті Нұрдәулетовке берді.
Айта кетейік, бұған дейін рингке шыққан Бекзат Алдамжаров француз боксшысынан жеңіліп қалған болатын.
View this post on Instagram
Бөлісу: