Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды
<p style="text-align: justify;">Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.</p>
Сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы:
"РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы- Қызылорда облысының шекарасы);
"Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 104-250 шақырым аралығы (Қандыағаш ауылы - Қараукелді ауылы).
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).
Жол учаскелерін 26 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.