Оқиға
1 мин оқу 91

Талдықорғанда екі көлік мұз астына түсіп кеткен

<p style="text-align: justify;">Оқыс оқиға Талдықорған қаласынан 5 км қашықта Балықты өзенінде болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Талдықорғанда екі көлік мұз астына түсіп кеткен

Жетісу облысындағы демалыс орны маңында өзен арқылы өту мезетінде 2 жеңіл көлік жартылай мұз астына түсіп кеткен.

«ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзені сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.

ТЖМ мұз үстінен жүрудің қауіпті екенін, қауіпсіздік амалдарын сақтау керектігін ескертеді.

Бөлісу:
Талдықорғанда екі көлік мұз астына түсіп кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар