Экология
1 мин оқу 101

Телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы жасалды

<p style="text-align: justify;">Жас өнертапқыш &ndash; Астананың №49 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сұлтан Ибраһим, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы жасалды

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше жобаның мақсаты – экологияны сақтау және энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Құрылғы – энергиясын электр энергиясына айналдырып, ұялы телефондарды қуаттауға мүмкіндік береді. Құрылғының жұмысы күн сәулесін сіңіріп, арнайы панель арқылы электр энергиясын түрлендіреді, бұл энергия ұялы телефонды қуаттауға жеткілікті болады.

астана әкімдігі

Сұлтан Ибраһимнің бастамасы ғылыми жетістік қана емес, сонымен қатар экологиялық таза технологияның дамуына бағытталған маңызды қадам. Өйткені күн энергиясы – әлемдегі ең таза және жаңартылатын энергия көздерінің бірі. Сондықтан да мұндай құрылғылар экологиялық мәселелерді шешуге және энергия тұтынудың тиімді әдістерін дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар