Президент
1 мин оқу 200

Президент Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Рамазан айының қарсаңында екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.  

Бөлісу:
Президент Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар