Өнертапқыш
1 мин оқу 283

Қалдық өңдеудің тиімді тәсілі

<p style="text-align: justify;">Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің сту&shy;денттері қамыс пен тамақ қалдықтарынан фитоқабат өндірудің тиімді тәсілін ойлап тапты. Студенттер бұл үшін &laquo;Waste2wear&raquo; командасын құрған.</p>

Қалдық өңдеудің тиімді тәсілі

Команда капитаны Дильназ Дос­мұ­хамбетованың айтуынша, жаңа жоба ­пластикке экологиялық балама жасау мақ­сатында әзірленген. Олар төрт айда фито­қабаттың құрылымын қалыптасты­р­у­ға, гидрофобты қасиет­терін арттыру­ға, жағымсыз исін жоюға қол жеткізген.

«Біз шикізат ретінде негізінен қамыс пен целлюлозаны пайдалануды жос­парладық. Алайда целлюлоза – қымбат материал. Сол себептен, оны алмастыру үшін банан мен апельсин қабығын қолдануды жөн көрдік. Қамыс пен тамақ қалдықтарын ұнтақтап, белгілі бір пропорцияда араластыру арқылы фито­қабат аламыз», дейді Дильназ Досмұ­хам­бетова.

Аталған команданың мүшесі Дмит­рий Уарчевтің айтуына қарағанда, фитоқабатты әртүрлі өнімді шыға­ру­да қолдануға болады. Енді оны бизнес-жоба ретінде жүзеге асыру көзделген. Бірақ бұл жобаны іске асыру үшін қар­жы­лық және консультациялық қолдау қажет.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Қалдық өңдеудің тиімді тәсілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар