Бокс
1 мин оқу 60

Боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалу қажет - Головкин

<p style="text-align: justify;">26 ақпан күні Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындағанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалу қажет  - Головкин

Осы бастамаға қатысты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин пікір білдірді. 

Геннадий Головкин ХОК-тың World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындауы маңызды жетістік екенін атап өтті. 

«Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады. Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамдардың үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Болашақ спортшылар мен болашақ чемпиондар үшін біздің ортақ мақсатымыз – адалдық пен бейтараптық қағидаттарына негізделген Халықаралық федерация құру», деді Геннадий Головкин.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті осы бағытта әлі де ауқымды жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді. 

Бөлісу:
Боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалу қажет - Головкин · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар