Медицина
2 мин оқу 130

АИТВ жұқтырған әйелдердің 98 пайызы дені сау бала табады

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттің АИТВ жұқтырып алғандарды алалауға жол бермеу, құқықтарын &nbsp;қорғау кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен &laquo;Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы&raquo; Кодексінде тайға таңба басқандай көрсетілген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

АИТВ жұқтырған әйелдердің 98 пайызы дені сау бала табады

Оған қоса, 1 наурыз  – ЮНЭЙДС-тің мұрындық болуымен «Кемсітушілікке жол жоқ» күні деп белгіленсе, жыл сайын атап өтілетін бұл күн биыл – «Біз біргеміз» ұранын таңдаған.

Қазақстанда АИТВ-ға қатысты "Н=Н": «Анықталмайды, яғни берілмейді» қағидаты қолданылады. Осы қағидатқа сәйкес, АИТВ-мен өмір сүретін, антиретровирустық терапияны қабылдайтын адам вирусты өзінің жыныстық серіктесіне жұқтырмайды. Бұл тұжырымдама әлемдік ғылыми зерттеулермен толығымен расталды.

Сол сияқты елімізде ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы жүзеге асырылып келсе, ол АИТВ-инфекциясына байланысты профилактиканы, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде АИТВ-ахуалды адамдардың 83%-ы өз жағдайын біледі, 90%-ы антиретровирустық терапия (АРТ) қабылдайды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 92%-ында вирус ауыртпалығы басылған.

Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде профилактиканың инновациялық түрі – байланысқа дейінгі профилактика енгізіліп жатыр. Жылдан жылға халықтың осы мәселеде осал топтары – инъекциялық есірткі қолданатындар, жыныстық қызмет көрсететіндер, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар АИТВ-ға тестілеуден өткізіледі. Халықаралық  ұсынымдарға сәйкес халықтың осал топтарын тестілеудің қолжетімділігін кеңейту мақсатында қоғамдық үкіметтік емес ұйымдарда АИТВ-инфекциясына экпресс-тестілеуден өтуге болады. АИТВ-мен ауыратын әйелдердің 98%-ы дені сау бала туады. Науқастарға диагноз қойылғаннан кейін бірден тағайындалатын және тегін берілетін АРТ қол жетімді бола бастады.

– Егер қоғамда АИТВ-ға байланысты алалаушылық пен кемсітушілік деңгейі жоғары болмағанда, бұл нәтижелердің салмағы әлдеқайда маңызды болатын еді. Жалпылай міндет – кемсітушілікті түбірімен жою. Оны орындау АИТВ-инфекциясының өршуін едәуір қысқартуға ықпал етеді, – деп есептейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы директорының міндетін атқарушы Ұлықбек Медеубеков.

Сонымен биыл, 2025 жылы «Кемсітушілікке жол жоқ» күні әлемде 11-ші рет атап өтіледі. Ал ЮНЭЙДС АИТВ-ға қарсы күрестің тұрақтылығы мен денсаулық сақтау саласындағы жаһандық күш жұмылдыруда шешуші рөл атқарады. Ол АИТВ-мен өмір сүретін және эпидемиядан зардап шеккендерге сыйластықпен, түсіністікпен қарауды қамтамасыз ету міндетін ұдайы қолдап келеді.

Бөлісу:
АИТВ жұқтырған әйелдердің 98 пайызы дені сау бала табады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар