Аймақтар
1 мин оқу 70

Қостанайда 31 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

<p style="text-align: justify;">ТЖД қызметкерлері Аманкелді ауданының Амантоғай ауылына 20 шақырым жетпей жолда қалған 19 автокөлікті қар құрсауынан алып шықты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанайда 31 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

Құтқарушылардың мәліметінше, көліктерде 31 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.  

«Жолаушылар ТЖД-ның арнайы көлігімен таяу маңдағы жылыту пунктіне жеткізілді. Үсік шалып, зардап шеккендер жоқ. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес», деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.   

Бөлісу:
Қостанайда 31 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар