«Странджа» турнирі: Боксшылар жартылай финалға шықты
<p style="text-align: justify;">София (Болгария) қаласында бокстан өтіп жатқан халықаралық «Странджа» турнирінде бірнеше боксшымыз өз салмақ категорияларында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен күш сынасып, үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Тағы бір 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өту құқығына ие болды. Айбек Оралбай да ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.