Көкшетауда тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Сертификат баспана кезегінде тұрған адамдарға арналған. Мемлекеттік демеуге 4 санат бойынша кезекте тұрғандар қатыса алады. Қазір 14 азаматтың есеп-шотына алғашқы жарна аударылған, деп жазады Egemen.kz.

Тұрғын үй сертификаты халықтың осал топтарына, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға, жетім балаларға, көп балалы отбасыларға баспана сатып алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау. Онымен ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабуға болады. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы және «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
«Тұрғын үй несиесіне сертификат беру Көкшетау қаласында қаңтар айында басталды. Бүгінгі күні жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірінші алушылар Отбасы банк арқылы өздерінің мүмкіншілігін тексереді, содан кейін электрондық үкімет арқылы бізге өтініш жібереді. Қазіргі кезеңге 30 сертификат беру жоспарланып отыр», дейді Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қали Ахметов.
Сертификат алуға өтінімді конкурстан өткен және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттік негізде тұрғын үй алуға ниет білдіргендер ала алады. Отбасының жиынтық табысы әр адамға шаққанда 143307 теңгеден аспауы тиіс.