Байқау
1 мин оқу 93

Әкелі-балалылар Бангкокте топ жарды

<p style="text-align: justify;">Таиландтың астанасы Бангкокте Азияның ең үздік аймақтық спортшылары бас қосатын &laquo;Aiga asian championship 2025&raquo; турнирі өтті. Азияның түрлі елдерінен келген мықты спортшылар күш сынасқан тартысты жарыстан бейнеулік қос спортшы, әкелі-балалы Жеңіс Қайранов пен Еркебұлан Исламғали жеңіспен оралды.</p>

Әкелі-балалылар Бангкокте топ жарды

Маңғыстауда ағайынды спортшы жігіттер Жеңіс пен Шыңғыстың есімі көпке мәлім. Жастар арасында ағалы-інілі қос жігіттің жаттығуына қатысып, соларға еліктеп, спортпен ай­на­­лысып жүргендер аз емес. Жеңіс бүгінде спорттағы жеңісті жолын ұлымен бірге жалғап келеді. Бір ауданның ғана емес, еліміздің атын асқақ­­татып, жеңіс жалауын желбіретіп жүрген әкелі-балалы спортшылар қа­­жырлы еңбегі­­нің арқа­сын­да Бангкокте топ жарды. Еркебұлан Исламғали 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 55 кило салмақта 1-орынға ие болды. Жеңіс Қайранов 20 жас­тан асқан ере­сектер арасында, 60 кило сал­мақта бірінші орынды жеңіп алды.

Әкелі-балалылардың же­ңі­сі Бейнеу ауданының спорт­тық әлеуетін тағы бір мәрте көр­сет­кен, баршаға үлгі боларлық же­тіс­тік болды.

Қос спортшының жеңісі туралы өңірлік коммуника­ция­лар қызметінің хабарламасында: «Жеңіс Қайранов пен Еркебұлан Исламғали – грэпплинг тарихында айрықша із қалдыратын спортшылар, олардың жеңіс­і отбасылық құндылықтарға негіз­­­делген, қажырлы еңбек пен дәстүр сабақтастығының жемісі», деп жазылған.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Әкелі-балалылар Бангкокте топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар