Байқау
1 мин оқу 80

Әлемдік байқауда бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары елдің атынан роботтехника бойынша әлемдік байқауға барады. Алматы қаласында &laquo;Almaty Tech Cup 2025&raquo; атты Орталық Азиядағы роботтехника және дрондар чемпионаты аяқталды. Оған 10-нан аса елден 3 мыңнан астам бала қатысты.</p>

Әлемдік байқауда бақ сынайды

Чемпионаттың «FLL» ба­ғы­тындағы Орал Назарбаев зият­керлік мектебінің «Tidal Tumble» командасы «Robot Design» санатында жеңімпаз атанды. Олар енді Аустралияның Сидней қаласын­да өтетін «Asia Pacific Open First Championship 2025» халықаралық жарысына барады.

Қазылар НЗМ оқушылары жа­саған робот дизайнын жоғары ба­ғалаған. Өйткені ол жобаның ин­новация­лық шешімдері ерекше бо­лыпты. «Оралдық оқушылардың тех­никалық білімі, шығармашылық қабілеті және командалық жұмысы жоғары деңгейде», дейді қазылар.

«Asia Pacific Open First Championship 2025» – роботтехника саласындағы ең беделді ха­лық­аралық жарыстың бірі. Бұл са­йысқа әлемнің әр түкпірінен үздік командалар қатысып, өз жобасын ұсынады. Назарбаев зияткерлік мектебінің жеңімпаз командасы енді ел намысын әлемдік деңгейде қорғауға дайындалып жатыр.

«Бұл жеңіс оқушылардың қа­жырлы еңбегімен, жетекшілері­нің кәсіби дайын­дығы­мен келді. Сонымен бірге аталған зияткерлік мектепте «STEM» білім сапасы жоғары екенін дәлелдейді», дейді Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ баспасөз хатшысы Гүлнәз Нұғманқызы.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Әлемдік байқауда бақ сынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар