Экономика
1 мин оқу 50

Доллар бағамы түсті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Доллар бағамы түсті

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,69 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 499,22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 519 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 497 теңге. Еуро 524,5 теңгеден сатылып, 517,5 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,49 - 5,70 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 28 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,77 теңге. Еуро — 525,71.

Бөлісу:
Доллар бағамы түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар