Үкімет
1 мин оқу 35

Жаңа министрді таныстырды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа басшысын таныстырды.</p>

Жаңа министрді таныстырды

Олжас Бектенов Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе өңдеу өнеркәсі­бін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңей­ту, заңнаманы жетілдіру бо­йынша ауқымды жұмыс­тар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көле­мі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті.

Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныс­тыру барысында Премьер-ми­нистр қол жеткізіл­­ген нәти­желерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бо­йын­ша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті.

Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқа­тар тапсырма берілді. Инвес­торлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады.

Өнеркәсіп және құры­лыс министрлігі ұжымы­на Президенттің құры­лыс саласын дамыту және тұр­ғын үй-коммунал­дық инфрақұрылымды жаң­ғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша міндеттер белгіленді.

Бөлісу:
Жаңа министрді таныстырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар