Заң
1 мин оқу 80

Астанада 4 млн теңге алимент төлемеген адам ата-ана құқығынан айырылды

<p style="text-align: justify;">Астанада сот 4 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар ер адамды ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада 4 млн теңге алимент төлемеген адам ата-ана құқығынан айырылды

Ювеналды сотта қаралған іс бойынша ер адам баласына қамқорлық көрсетпеген, материалдық қамтамасыз етпеген және оның тәрбиесіне араласпаған.

Сот процесінде анықталғандай, әкесі ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген; 20 жылдан бері құмар ойынға тәуелді; ұлының өміріне араласу ниеті жоқ екенін мойындады.

Сот психологының зерттеуіне сәйкес, бала да әкесімен араласуға құлықсыз екенін білдірген.

Сот ер адамды ата-ана құқығынан айырды, алайда бұл оны баласына алимент төлеу міндетінен босатпайды. Ер адам бұрынғыдай қаржылық жауапкершілігін орындауға тиіс. Шешім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Астанада 4 млн теңге алимент төлемеген адам ата-ана құқығынан айырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар