Екі облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды
<p style="text-align: justify;">Еліміздің екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол»ұлттық компаниясына сілтеме жасап.</p>

Ақтөбе облысында жабылған жол учаскелері:
РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, 776-1240 км (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін);
Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы, 14-104 км (Ақтөбе – Қандыағаш аралығы).
Қызылорда облысында жабылған жол:
РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, 1240-1362 км (Ақтөбе облысы мен Арал қаласы аралығы).
Жолдарды қардан тазарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 206 арнайы техника және 376 маман жұмылдырылған.
Алдын ала болжам бойынша, жолдар 2 наурыз күні сағат 13:00-де ашылады. Төтенше жағдайлар қызметі мен жол полициясы жүргізушілерге сапарды кейінге қалдыруға және жолда сақ болуға кеңес береді.