Аймақтар
1 мин оқу 90

Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қыз табылды

<p style="text-align: justify;">Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қызды байқап қалған ер адам оны полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қыз табылды

Түскі уақыт шамасында модульдік полиция бекетіне ер адам кішкентай қызды ертіп келген. Оның айтуынша, қыз бала ересектердің қарауынсыз жүргіншілер жолағында жүрген. Ер адам қауіпті жағдайды түсініп, оны бірден полицияға әкелген.

Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, баланың анасын анықтады. Қазіргі таңда қыздың жалғыз қалып, жол жиегінде жүрген себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қыз табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар