Бокс
1 мин оқу 93

Төрехан Сабырхан «Странджа кубогінің» үздік боксшысы атанды

<p style="text-align: justify;">67 келіде ел намысын қорғаған Төрехан Сабырхан кіші әлем чемпионатына баланған &laquo;Странджа&raquo; халықаралық турнирінің үздік боксшысы атанды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төрехан Сабырхан «Странджа кубогінің» үздік боксшысы атанды

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, «Странджа кубогінде» бұған дейін ел боксшыларынан ешкімге бұл атақ  бұйырмаған. Осылайша, Төрехан Сабырхан - «Странджа кубогінде» үздік боксшы атанған алғашқы қазақ атанып отыр. 

19 жастағы былғары қолғап шеберінің ересектер арасындағы сынға қосылғанына 1 жыл толған жоқ. 

Турнир финалында ол Әзербайжан өкіліне қарсы жұдырықтасты. Тартысқа толы бәсекенің екі раунд қорытындысында есеп теңесіп тұрғанмен, шешуші сында отандасымыз жеңіске лайықты екенін дәлелдеді. 

Бөлісу:
Төрехан Сабырхан «Странджа кубогінің» үздік боксшысы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар