Тағайындау
1 мин оқу 53

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Аталған лауазымды қызметке Әсет Шопанов тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастап, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарған. 2020-2022 жылдары аталған облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды, 2022-2024 жылдары сол басқарманың басшысы болған.

Бөлісу:
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар