Тасқынмен күреске 10 мың әскери қызметші жұмылуға дайын
<p style="text-align: justify;">Ұлттық ұлан өткен көктемгі су тасқыны кезінде өз әлеуетін көрсеткені мәлім. Биыл да халыққа көмектесуге әзір, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық ұлан күштері мен техникаларының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою шараларына жұмылдырылады.
Әскери резервтегі жедел құтқару жасақтарының саны 1600 әскери қызметшіге дейін жеткен, олардың қарамағында 60-тан астам техника бар. ТЖ аймағындағы топтарды күшейту үшін қосымша 10 мыңға жуық әскери қызметші және 350-ден астам құқықтық тәртіп әскерлерінің техникасы жұмылдырылуы мүмкін.
Сонымен қатар қажеттілік туындаса, Ұлттық ұлан авиациясы төтенше жағдайларды жою мақсатында Y8F200W ұшақтары мен Ми-171Е тікұшақтарын бөледі.