Шымкентте 51 азамат тұрғын үй сертификатын алды
<p style="text-align: justify;">2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары табысталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айта кетейік, тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі.
Тегін тұрғын үй сертификаттарының иелерінің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, толық емес отбасылар, жетім балалар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары:
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10;
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9;
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 5;
- Көпбалалы отбасылар – 16;
- Толық емес отбасылар – 8;
- Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 3
Сонымен қатар биыл 500,0 миллион теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған. Жыл басынан бері 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілген.