Сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа ілінді
<p style="text-align: justify;">«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар – жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді. Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды.
Айта кетсек, «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында барлық аңшылық түріне қатаң тыйым салынған. Жануарлар популяциясын сақтау мақсатында тұрақты түрде табиғатты қорғау шаралары жүргізіліп келеді.
