Оқиға
1 мин оқу 60

Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот тыңдауы басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін &laquo;АрселорМиттал Теміртау&raquo; АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот тыңдауы басталды

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында орын алған қайғылы оқиға нәтижесінде 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған болатын.

Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты.

Қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылған болатын.

«Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу).Сотталушылар қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№61 мекеме» РММ ғимаратында қаралады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот тыңдауы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар