Оқиға
1 мин оқу 70
59 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кеткен
<p style="text-align: justify;">Оқиға – Қостанай облысының Федоров ауданында «Рудный - Қашар - Федоровка» автожолының 25-ші шақырымы тұсында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Жолдан шығып кетіп, өз бетінше қозғалысын жалғастыра алмаған автобуста Тәжікстан Республикасының 59 азаматы болған.
Жедел келген құтқарушылар жол талғамайтын шынжыр табанды транспортер-тартқыштың көмегімен көлікті жолға тартып шығарды. Автобус ары қарай жолын жалғастырды. Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Бөлісу: