Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 17: 00 - 17: 30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты БҚО және Ақтөбе, Қызылорда облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ға сілтеме жасап. </p>

Ақтөбе облысы:
«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 14-104 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ, облыстағы «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 526-675 шақырым аралығында (БҚО шекарасы - Сарытоғай ауылы) жол жабылды.
Батыс Қазақстан облысы:
«Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығында (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы) көлік қозғалысы шектеледі.
Қызылорда облысы:
«РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.) жабылды.
«ҚазАвтоЖол» жолдарды 2025 жылғы 6 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.