Аймақтар
1 мин оқу 73

Таразда 160 отбасы баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарға баспана кілттері мен тұрмыстық техниканың сертификатын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таразда 160 отбасы баспаналы болды

Баспанаға 2012-2015 жылдары аралығында кезекке тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, ІІ топ мүгедектері, жетім балалар және ҰОС теңестірілген азаматтар қол жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше «Ұлы дала» шағынауданында орналасқан №26 үйдің жалпы ауданы 9 600 шаршы метрді құрайды. 160 пәтерлі (2 бөлмелі)  көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Aulet Stroy Taraz» ЖШС-сы жүргізген.

Облыс әкімі халықпен бірге үйлерді аралап, сапасын тексерді. Бұдан соң сол үйдің маңына 20 түп ағаш отырғызылды.

жамбыл әкімдігі

Бөлісу:
Таразда 160 отбасы баспаналы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар