Спорт
1 мин оқу 45
Пара шаңғышымыз жаһандық додада жүлде алды
<p style="text-align: justify;">Тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Аталған жаһандық дода 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпия ойындарына рейтингтік ұпай беретін негізгі жарыс саналады екен.
Норвегияның Тронхейм қаласында LW12 санатындағы спринт жарысында отандасымыз Ербол Хамитов мәре сызығын 2:42.45 уақыт нәтижесімен үшінші болып кесіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Министрліктің мәліметінше, жуырда ғана пара шаңғыдан әлем кубогінде Е.Хамитов күміс медаль иеленген.
Бөлісу: