Оқиға
1 мин оқу 71

Астанада жүк көлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған.&nbsp; Қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада жүк көлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті

Алған жарақаттарының салдарынан 7 жасар оқушы қыз оқиға орнында көз жұмған.

«Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде бағдаршамның жасыл түсінде белгіленген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Астанада жүк көлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар