Аймақтар
1 мин оқу 50

Алматы облысындағы су басқан жол тазартылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 11: 00-де&nbsp;Алматы облысындағы&nbsp;Ұзынағаш ауылы маңында&nbsp;сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған еді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысындағы су басқан жол тазартылды

Салдарынан «Ұзынағаш ауылына кіреберіс» жолының 3-шақырымын су басып қалған. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ тасқын судың ені 100 метр, биіктігі 5 см-ге жеткенін хабарлады. 

Төтенше жағдайдан соң суды бұру үшін жедел арық жүйесі жасалып, ағын өзенге бағытталып, жол жиегін нығайту және жолды тазарту жұмыстары жүргізілген. 

Осы істі атқаруға 10 адам және 5 техника жұмылдырылған. 

«ҚазАвтоЖол» сағат 13:30-да судың тасуы тоқтатылып, қозғалыс толық қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Жол бұзылмаған. Ондағы қауіпсіздік компания тарапынан бақылауға алынған. 

Бөлісу:
Алматы облысындағы су басқан жол тазартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар