Есірткіге қарсы акция өтті
<p style="text-align: justify;">Елордада «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 16 жасқа дейінгі балалар арасында жаппай жүгіру өтті. Ботаникалық бақта өткен жарысқа 16 жасқа дейінгі 300-ге жуық бала қатысты. Олар 1300 метрден астам қашықтықты жүріп өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыс нашақорлықпен күресудің кешенді жоспары аясында өтті.
«Біз өскелең ұрпақты спорт мәдениетіне баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осындай шараларды өткізіп келеміз. Балаларға жақсы үлгі көрсетуге және оларға маңызды іс-шара ұйымдастыруға тырысамыз. Жыл басынан бері біз осындай 80-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргіздік және бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз», деді қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының өкілі Әлия Қибатқызы.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табыс етілді.