Қысқы спорт
1 мин оқу 30

Әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер анықталды

<p>14-16 наурыз аралығында Бейжіңде&nbsp;шорт-тректен әлем чемпионаты өтеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер анықталды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов халықаралық додада ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін бекітті. 

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер қатарына 10 спортшы енген. Олар: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева.

Команда 8 наурыз күні Бейжіңге аттанады. Қазір шорт-трекшілер Астанада әлем чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр. 

Бөлісу:
Әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар