Ауа райы
1 мин оқу 40

Қарағандыда - боран: Жүздеген көлік жолда қалды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облыстық полиция департаменті ауар райының күрт бұзылуына байланысты өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда көлік қозғалысына шектеу енгізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда - боран: Жүздеген көлік жолда қалды

Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек бораннан жүздеген көлік жолда қалып, құтқарушылардың көмегіне мәжбүр болған.

- Өңір трассаларында 719 жеңіл көлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік жолда қалған. Ауа райының бұзылуы қозғалысты қиындатып, жол-көлік оқиғасын туындатты. Мәселен, Қарағанды-Теміртау жолында бірнеше көлік соқтығысқан үш жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ. Апатқа негізінен жолдың нашар көрінуі және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болды, - деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға, жол ережесін сақтауға және маршруттарды жоспарлау кезінде ауа-райын ескеруге шақырады.

Бөлісу:
Қарағандыда - боран: Жүздеген көлік жолда қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар