Оқиға
1 мин оқу 80

Кәсіпкерді алдаған күдікті шетелден экстрадицияланды

<p style="text-align: justify;">Күдікті 2023 жылдың қаңтарында екі сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы жалған компаниялар құрып, отандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Бас прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Кәсіпкерді алдаған күдікті шетелден  экстрадицияланды

Қылмыстық қудалау органдары күдіктілердің бірін ізін суытпай ұстады, ал қалған екеуі жасырынып жүргендіктен оларға халықаралық іздеу жарияланған.

2024 жылдың қазанында іздеуде жүргендердің бірі Германияның Нюрнберг қаласында ұсталып, одан кейін ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу:
Кәсіпкерді алдаған күдікті шетелден экстрадицияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар