Спорт
1 мин оқу 43

Әбиба – Гран-при чемпионы!

<p style="text-align: justify;">Дзюдо шебері Әбиба Әбужақынова Аустрияда өтіп жатқан Гран-при жа&shy;рысында чемпион атан&shy;ды. Қазақстан дзюдо федерациясы баспа&shy;сөз қызметінің хабарлауынша, ол финалда жапониялық Сачио Ёшиномен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.</p>

Әбиба – Гран-при чемпионы!

Әйелдер арасында 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз іріктеу кезеңінде Мизуки Хараданы (Жапония), ширек финалда Спрингер Жаклинді (Аустрия), ал жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланд) ұтты.

Бұл – Әбиба Әбужақынова­ның жаңа маусымдағы алғашқы жарысы әрі алғашқы алтыны. Бұған дейін ол Үлкен дулыға тур­нирінің 4 дүркін қола жүл­дегері, 2023 жылы Португалияда өткен Гран-при жарысында топ жарған болатын. Сонымен қатар жерлесіміз бұған дейін әлем чемпионаты мен Азия ойын­дары­нан қола жүлде  олжалаған еді. Қоржынында құрлық додасының күмісі мен қола медалі де бар.

Аустрияда дзюдодан өтіп жатқан Гран-при кезеңіне әлемнің 52 елінен 416 балуан қатысып жатыр.

Бөлісу:
Әбиба – Гран-при чемпионы! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар