Қоғам
1 мин оқу 91
Құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыны құтқарды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Жамбыл облысындағы Әулиекөл көлінде ТЖМ қызметкерлері аңшыны құтқарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ТЖМ мәліметінше, аңшының қайығын екпінді жел қамыс арасына алып кетіп, ол өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Басқа аңшы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған.
- Құтқарушылар арнайы сүңгуір киімдерін киіп, көлдің ортасында қалып қойған 1959 ж.т. азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу: