Спорт
1 мин оқу 125
Зейнолла Ыдырысов қола жүлдеге ие болды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі. </p>
Ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.
Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Бөлісу: