Жаңалықтар
1 мин оқу 370

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басшысы тағайындалды

04 05 - Kozhamzharv АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қ. Қожамжаров 1965 жылы 24 наурызда Тараз қаласында туған. 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 2012-2013 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. II дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері. Айдар Өрісбаев. Дерек: akorda.kz. Сурет: kazpravda.kz.
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басшысы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар