Оқиға
1 мин оқу 60

Атырауда бекіре уылдырығын тасымалдаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері балық уылдырығын тасымалдаған күдіктіні ұстаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда бекіре уылдырығын тасымалдаған күдікті ұсталды

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында полицейлер күдік туғызған Lada Vesta автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісін тоқтатқан. Көлік салонынан 1,5 келі бекіре тұқымдас балығының уылдырығы табылып, тәркіленген.

Факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Атырауда бекіре уылдырығын тасымалдаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар