«Жалған қол қойған»: Перизат Қайраттың қоғамдық қоры таратылды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім шығарды. Сотқа бұл жөнінде Әділет департаменті шағымданған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресми мәліметтерге сәйкес, аталған заңды тұлға 2021 жылғы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен. Бірлестіктің 10 құрылтайшысы болған. Алайда қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, 10 құрылтайшының 9-ының атынан құжаттарға жалған қол қойылғаны анықталған. Сараптама нәтижесінде барлық қолды Перизат Қайрат қойғаны белгілі болған.
Осыған байланысты сот құқық бұзушылықтарды ескере отырып, ұйымды мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады.