Спорт
1 мин оқу 50
Семсерші ерлер Гран-при кезеңіне қатысады
<p>Шпагамен семсерлесуден Гран-при кезеңі Венгрияның бас қаласы Будапештте өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осы айдың 14-16 күндері өтетін аталған халықаралық турнирге Қазақстан ерлер құрамасы қатысады, нақты атағанда 11 отандық шпагашы жүлде үшін сайысады.
Семсершілердің тізімі olympic.kz-те жарияланды, олар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаймов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Никита Жулинский.
Бөлісу: