«Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
<p style="text-align: justify;">«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Бұл сыйлық өнім мен қызмет сапасын арттыруда айтарлықтай жетістіктерге жеткен кәсіпкерлерге беріледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Конкурсқа Қазақстанның аумағында тауар өндіретін және қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады (қару-жарақ пен әскери техника өндірушілерден басқа).
Байқау номинациялары:
- «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
- «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;
- «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
- «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын»
Сонымен қатар, «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары қарастырылған.
Байқауға қатысу шарттары:
- 1-қадам:2025 жылдың 1 шілдесіне дейін cabinet.altynsapa.kz сайтына немесе өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш беру қажет.
- 2-қадам: Сауалнама-декларация толтыру.
- 3-қадам: Конкурсқа қатысушы туралы есепті дайындау.
- 4-қадам: Өзін-өзі бағалау сауалнамасын толтыру.
- 5-қадам: Құжаттар пакетін дайындау (заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік көшірмесі, менеджмент жүйесі сертификаттарының көшірмесі және т.б.).
Конкурсқа қатысу туралы толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан алуға болады.