Денсаулық
1 мин оқу 100
Түркістанда 22 адам сушидан уланып қалды
<p style="text-align: justify;">Түркістанда суши жеген 22 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан тексеріс басталғанын мәлімдеді.
- Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға «Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті, - делінген әкімдік ақпаратында.
Бөлісу: