Байқау
1 мин оқу 201

Ән шырқаған Әмір

<p style="text-align: justify;">Астаналық Әмір Нұрболатұлы Бішкек қаласында өткен &laquo;I халықаралық балалар арасындағы ұлттық дельфий ойындары&raquo; байқауында жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл сайыста қола медальға қол жеткізудің өзі үлкен жетістік. Өйткені осынау таланттар тайталасына 8 мемлекеттің ең үздік өнерпаз өрендері жиналған.</p>

Ән шырқаған Әмір

11 жасар Әмір байқаудың бі­рінші кезеңінде халық әні «Ақ­ерке» мен  Қызыл Тұр­да­лы­ұлының «Ой көк» шығар­ма­сын орындап, тыңдарман ри­за­шы­лығына бөленді. Осылайша, ­ол қазылар алқасының шеші­мі­мен сайыстың екінші кезеңі­не жолдама алды. Финалда да тосыл­ған жоқ. Әмір сахнада халық әні «Он алты қыз» бен Ғарифол­ла Құрманғалиевтің «Әнші дауысын» әуелетті.  Оның сұлу даусы, домбыра шертісі тыңдарман­ды тартып әкетті.

«Бұл байқау – өнерлі өрен­дердің нағыз сыналатын кезі. ­Биыл алғаш рет ұйымдастырыл­ған сайысқа Ресей, Түрікмен­стан, Әзербайжан, Белорус­сия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армениядан іріктелген үміт­кер­лер келді. Әрқайсысы же­ңіс­тен дәмелі. Біз дәстүрлі ән ата­лы­мында бақ сынап, 25 сайыс­кердің ішінен үздік үштікке ен­дік. Әрине, қуанышымызда шек жоқ. Өйткені төл өнерімізді, дом­бырамызды өзге жұрттар алдында абыройлы паш еттік. Қазір эстрадалық бағыттағы ақылы ­фестивальдар өте көп. Бірақ осын­дай нағыз  кәсіби жарыстар аз. Соның ішінде дәстүрлі әндер­­ге басымдық беретін халықара­лық байқаулар жоқтың қасы. Осы сайыста біз де өзге жұрт­тың өне­рін көріп, олармен пікір ­алма­сып біраз тәжірибе жинадық. Ал­да­ғы уақытта бұдан биік бе­лесті бағындырамыз.  Өйткені 6 жасынан қолына домбыра ұстап, ән салған Әмірдің болашағы­нан үлкен үміт күтеміз», дейді жеңімпаз жетекшісі, Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар музыка мектебі» дәстүрлі ән мамандығының педагогі Ахмедияр Нұрдәулет.

Бөлісу:
Ән шырқаған Әмір · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар