Оқиға
1 мин оқу 120

Астанада 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

<p style="text-align: justify;">Өткен жылы 431 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 600-ге жуық заң бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Астанада 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс компанияларының бәрі бірдей тұрғын үйлерді сапалы әрі заңды түрде сала бермейтінін атап өтті.

«Алты компания құрылыс лицензиясынан айырылды, сол сияқты заң мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 180-нен астам талап-арыз сотқа жолданды. Жерге қатысты тиісті құжат алмай құрылысы басталған төрт нысан сот шешімімен бұзылды. Аталған жұмыстың барлығы биыл да жалғасып жатыр», деді Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, құрылыс-монтаждау жұмысы тек құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес жүргізілуі қажет. Сондай-ақ, құрылыс жүргізу және монтаждау барысында орындалатын жұмыстардың арнайы бекітілген жобалық құжаттама мен стандарттарға сәйкестігін үнемі тексеріп отыру қажет. Жауапты тұлғалар орындалатын операциялардың қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкестігін қадағалай отырып, материалдардың сапасы мен технологияларға сәйкестігін бақылауы керек.

Бөлісу:
Астанада 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар