Аймақтар
1 мин оқу 103

Ұлытау әкімі әлем чемпионына құрмет көрсетті

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы Айдос Ғалымов пен оның бапкері Ерболат Қаракесековті қабылдады.</p>

Ұлытау әкімі әлем чемпионына құрмет көрсетті

Жақында Айдос Ғалымов Үндістанның астанасы Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен додада екінші мәрте Әлем чемпионы атанды.

Облыс әкімі  әлемдік сайыста топжарған балуан ұлытаулықтардың ғана емес, еліміздің мақтанышы екенін айтты. Жарысқа жеңімпаз дайындаған бапкері Ерболат Қаракесековке де алғыс білдірді. Чемпионға облыс әкімдігі атынан 1 500 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Айдос Ғалымов өңір басшысының жасаған құрметі мен қолдауына ризашылық білдіріп, ел намысын қорғау жолында күш-жігерін аямайтынын жеткізді.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Ұлытау әкімі әлем чемпионына құрмет көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар