Спорт
1 мин оқу 40

Маңғыстауда веложарыс өтеді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда мамыр айы&shy;ның 17-18 күндері қызықты спорттық іс-шара өтеді. &laquo;Tour De Bozjyra&raquo; веложарысы &ndash; саламатты өмір сал&shy;тын, спортты насихаттай&shy;тын белсенді жандарды бірік&shy;тіретін, өңір туризмін танытатын маңыз&shy;ды дода. Жа&shy;рысқа қатысушыларға ба&shy;тыс өңіріміздің, соның ішінде Маңғыстаудың көрікті та&shy;би&shy;ғи орындарына сапар шегу ұсынылады.</p>

Маңғыстауда веложарыс өтеді

Спортшылар бірінші күні, 17 мамырда ұзын­дығы 150 шақырымдық қашықтықта, Жаңаөзеннен Боз­жыраға дейін жарысады. 18 мамырда­ Ақтаудан TetysBlu тақы­рыптық саябағына дейін 35 ша­қырымды бағындырып, мәреге жетеді.

«Жеңіске жету оңайға түспейді. Қозғалыс бағдары күрделі. Қаты­су­­шылардың келесі межеге дейін жолда аялдап, демалып, тамақ­тануына арналған аялдамалар­ қарастырылған. «Rixos Water World Aktau» қатысу­шылардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Меди­циналық және техникалық қолдау да ойластырылған. Сонымен қатар спортшыларға арнайы бағдарланған экскурсия аясында Бозжы­ра панорамасына бару мүмкіндігі беріледі. Барлық қатысу­шыларға естелік медальдар табысталады», дейді ұйымдастырушылар.

Веложарыс Бозжыраның боз жолымен сапар шегемін деушілер үшін қызықты, әрі есте қаларлық іс-шара болатыны анық.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Маңғыстауда веложарыс өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар